Елордада 16-шы қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 16-шы қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс нысанында 16-шы қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды», - деп атап өтті қалалық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 277-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Соңғы жаңалықтар