Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарғы жол картасы» аясында елордада 15 253 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы елордада 151 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 148 обьекті бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағдарлама аясында инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу, көгалдандыру бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады. Олардың аясында мектептер, ауруханалар тұрғын үйлері жөнделіп, құрылысы жүргізіліп жатыр»,- делінген Халықты жұмыспен қамту орталығының хабарламасында.

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 14 мыңға жуық адам жұмыс тапты. Оның 7 489-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы - халықты жұмыспен қамту мәселелерін жедел шешу мақсатында әзірленген. Ол қосымша жұмыс орындарын құру, әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО-да орналасқан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша мәлімет алу үшін 7(7172) 57 89 37, 8 777 116 82 73 номеріне хабарласа алады.

Сондай-ақ Жол картасы бойынша бос жұмыс орындары туралы мәліметтер enbek.kz порталында жарияланады.


Соңғы жаңалықтар