Елордада 15-20 пайызға орташа нарықтық бағадан төмен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

None
None
АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат - Елордада маусымның 26-27-сі және шілденің 3-6-сы демалыс күндері қаланың үш ауданында, Абылай хан даңғылы бойында, Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы және «Шапағат» базары аумақтарында өндірушілердің бағасымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі барысында қала тұрғындарына жеміс-жидектер, ет, шұжық, сүт, нан, кондитерлік және макарон өнімдері, ұн, қант, жұмыртқа, өсімдік майы сынды өнімдер ұсынылады.

Баспасөз хабарламасында сатылатын азық-түліктің бағасы орташа нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болатындығы аталып өтілген.

Жәрмеңкеге Астананың және Ақмола мен Қарағанды облыстарының 60-тан астам тауар өндірушілері қатысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 500 тоннаға жуық.

Іс-шара елорда күнін мерекелеу аясында өткізіледі және Астана әкімдігі Ақмола мен Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар