+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Елордада 146 бөтелке антисептик пен 8000 литр спирт қосылған сұйықтық тәркіленді

2020 жылғы 25 наурыз 16:45
Бөлісіңіз:
Елордада 146 бөтелке антисептик пен 8000 литр спирт қосылған сұйықтық тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 146 бөтелке антисептикалық зат және 8000 литрден астам құрамында спирт бар сұйықтық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда 250 литр антисептикті заңсыз сатқандар ұсталды Өскеменде ДДСҰ рецепті бойынша антисептик өндірілмек Еліміздегі антисептик өндіретін компаниялардың тізімі жарияланды

23 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері шаһардағы «Алматы» ауданының полиция басқармасы және прокуратурасымен бірлесе отырып, елдегі төтенше жағдайда көлемі 5 литрлік 146 бөтелке антисептикалық затты заңсыз сату фактісін анықтады.

«Тексеріс барысында көлемі 1000 литрлік 10 дана ақ цистерна тәркіленіп алынды, оның ішінде жалпы көлемі 8 210 литр болатын ерекше иісі бар спирт қосылған түссіз сұйықтық болды. Жоғарыда аталған барлық заттар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT