Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 14 жастағы Абылай Бақытбек жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барынша таратыңыздаршы. Сіздің таратқан ақпаратыңыз адамды тауып, біреудің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізуі мүмкін. Егер қандай да бір мәліметтеріңіз болса, онда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды өтінеміз. Сонымен қатар сіз іздеу іс-шараларына, ақпаратты таратуға қатыса аласыздар», - деп өтінеді жасөспірімді іздеуге кіріскен волонтерлер.
Абылай бүгін таңертең жоғалып кетті. Бойы - 150-165 см. Үстіне қара көк күртеше, қара түсті толстовка, бұтына қара түсті трико, аяғына қара көк бәтеңке киген.
Жоғалған жасөпірімге қатысты кез келген ақпаратты білетін қала тұрғындары 8 702 759 9447 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.
Айта кетерлігі, осы жайтқа байланысты полиция әзірше ешқандай мәлімет таратқан жоқ.
- АН-2 ұшағының шұғыл қонуы: Борт командирі мән-жайды айтып берді
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Теміртаудағы жағдай: Үйлерге жылу беріле бастады
- Түркістанның Созақ ауданында бір күнде 4 автобус жолда қалды
-
Астанада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады
-
БҚО-дағы ауылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам