Елордада 14 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Шараны министрліктің YouТube-арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Сағат 12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы» туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Шәкір Әбеновтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі аясында дөңгелек үстел отырысы және Тұрдықұл Қасенұлының «Шәкір Әбенұлы шығармалары (Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі қолжазбалары негізінде)» атты кітабының тұсаукесер шарасы өтеді.

Соңғы жаңалықтар