Елордада 13 көліктің өртенуі: Полиция қылмыстық іс қозғады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы автожуу бекетінде 13 көліктің өртену фактісіне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға бүгін, яғни 7 қаңтар сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан автокөлік жуу орнында тіркелген. Оның ішінде көлік жанып жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. «Өрт сөндірушілер сағат 08:59 шамасында келген бойда «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл автокөлікке зақым келген.

Қалалық полиция департаменті осы іске қатысты тергеп-тексеру ісін жүргізіп жатыр.

«Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 292-бабы бойынша қылмыстық іс (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар