Елордада 1200 нысан мүгедектер үшін бейімделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық нысандар жыл соңына дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау және өмір сапасын арттыру мақсатында білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және шағын, орта бизнес нысандарына тексеру жүргізілді», - деді И. Скуб Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Тұңғыш Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарына және Аумақтық даму жоспарына сәйкес, 2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның 1200 нысаны мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделеді.

«Өткен кезеңде 1287 нысан тексеруден өтіп, бейімделген. 2012 жылдан 2016 жылға дейін - 401 нысан, 2017-2020 жылдары - 886 нысан құжаттаудан өткен. Бұл - нысандардың 98,5% құрайды. 2020 жылдың соңына дейін 100% көрсеткішке қол жеткіземіз. Оның ішінде мемлекеттік басқару нысандары - 44, әлеуметтік қорғау - 5, денсаулық сақтау - 36, спорт - 14, мәдениет - 20, мектепке дейінгі және мектеп нысандары - 178, көліктік инфрақұрылым - 4, шағын және орта бизнес нысандары - 926 және тұрғын үй саны - 70», - деп түсіндірді спикер.


Соңғы жаңалықтар