Елордада 12 жасар баланың телефонын алып қашып кеткен жігіт ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясына 12 жасар баланың ата-анасы шағымданды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары Ботаникалық саябақ ауданында баланың қасына ер адам келіп, біреумен хабарласамын деп, оның телефонын сұрап алғанын анықтады. Бейтаныс адамнан қорқып қалған бала оған өзінің ұялы телефонын берген. Ер адам телефонды алған бойда қашып кеткен.

Жедел-тергеу шараларын жүргізу кезінде елорданың бұрын сотталған 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Ұрланған «IPhone 6» маркалы телефон алынды. Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар