Елордада 12 жаңа мектеп салынып, 16-сы жөндеуден өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар білім беру мекемелерін жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл 16 мектепті жөндейміз. Қасбетін жаңарту, шатырын жөндеу, терезелер мен едендерді ауыстыру және тағы басқасын атқару қажет. Бүгін бірқатар оқу орындарын, соның ішінде №3 мектеп-гимназияны жөндеу жұмыстарымен таныстым. Қабырғаларда жарықтар пайда болған. Мектептің іргетасы отыра бастаған. Соның салдарынан мектепке су кіреді. Биылғы оқу жылының басында бұл мәселелер шешіледі», – деп жазды А.Көлгінов Instagram-парақшасында.


Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 16 мектептің 13-інде күрделі жөндеу жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша 15 мың жұмыс орны ашылады. Еңбекке орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізіледі.

«Сонымен қатар жаңа мектептер салу бойынша үлкен жұмыстар атқарып жатырмыз. Биыл 20 мың оқушыға арналған 12 мектеп саламыз. Келесі жылы 40 мың орынға есептелген сонша мектеп салынады. Оқу орындарын алдымен, орын тапшылығы бар жерлерде салып жатырмыз. Мектеп құрылысына жеке инвестицияларды тартамыз», – деп атап өтті А.Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар