+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Елордада 108 ұйым Ashyq көшбасшысы тізіміне енгізілді

2021 жылғы 4 тамыз 07:26
Бөлісіңіз:
Елордада 108 ұйым Ashyq көшбасшысы тізіміне енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала әкімдігі «Ashyq көшбасшыларының» тізімін жариялады. Екі апталық статус ұйымдар үшін қосымша жеңілдік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды

Көшбасшылар тізіміне әуежай, вокзалдардан бастап сауда нүктелеріне дейін 108 ұйым кірді.

Айта кетейік, «Ashyq көшбасшысы» статусын берілетін тізімді әкімдік жасақтайды. Олар жобаға қатысатын нысандарда (2 апталық кезеңде) QR код (check-in) арқылы келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерге сәйкес іріктеледі.

«Ashyq көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушы «қызыл» аймақта «сары» аймақтың, «сары» аймақта «жасыл» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады, «жасыл» және «қою қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушылардың жұмыс режимі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Егерде медициналық қарсы көрсетілімі бар және соңғы 3 ай көлемінде ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда қызметкерлердің кемінде 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, нысанның толтырылуы 20%-ға артады.

Бүгінгі таңда Ashyq жобасына 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі кірді.
Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Егерде кемшілік анықталса олар тізімнен шығарылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT