+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада 103 қызметіне түсетін қоңырау 4 есе артып кетті

2020 жылғы 24 маусым 11:31
Бөлісіңіз:
Елордада 103 қызметіне түсетін қоңырау 4 есе артып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 103 қызметіне қоңырау шалушылар 4 есе артып кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінгі таңда 103 қызметінің жүктемесі артты. Маусым айынан бастап қоңыраулар саны 4 есе өсті. Күніне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 4 мыңнан астам қоңырау түседі. Шақыртулар саны 2 есе өсті. Яғни, күніне шамамен шығу бригадасы 5 мыңға жуық қала тұрғынына медициналық көмек көрсетеді. Бұл үлкен жүктеме», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 103 қызметіне жүктеменің артуын байланысты 103 пультінің саны арттырылып, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына 70-51-03 нөмірі бойынша call-орталық ұйымдастырылған. Қала тұрғындары осы нөмірге қоңырау шалу арқылы коронавирус инфекциясымен байланысты барлық сауалдарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, станса директоры елорда тұрғындары тарапынан жедел медициналық жәрдем көлігінің шақыртуларға өте кеш келетіндігіне қатысты шағымдарына жауап берді.

«Кешігіп барған шақыртулардың да бар екендігін жасырмаймын. Пайыздық үлесі 5 пайызға дейінгі аралықты құрайды. Бұл рұқсат етілген шек. Әрбір елордалық жедел көмек өзіне тез арада келгенін қалайтындығын түсінемін. Осы ретте әрбір шақырту жедел медициналық көмек диспетчері деңгейінде 4 санатқа бөлінетіндігін және әр санаттың уақыт және келу регламенті бар екендігін атап өткім келеді», - деді Мұрат Оразбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT