Елордада 10 білім беру нысаны салынып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 10 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Елорда мектептері кең жолақты интернетке 100% қосылған. Мектептердің жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етілуі 85,2%-ды құрайды», делінген хабарламада.

Бүгін қалада 329 мектепке дейінгі ұйым бар. Олардың 282-сі балабақша. Соның 96-сы - мемлекеттік балабақша, 2-уі ведомстволық балабақша, 184-і - жеке меншіктегі балабақша, 47-і - шағын орталық.

Сондай-ақ, қазіргі таңда қалада 10 800 орынға арналған 10 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар