+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Елордада 1 қыркүйекте Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады

2019 жылғы 23 тамыз 13:21
Бөлісіңіз:
Елордада 1 қыркүйекте Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 1 қыркүйекте Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы жаңа мектепте «Абайтану» пәні оқытылады Мекемтас Мырзахметов: Абайды мәніне жетіп ұлықтауымыз керек Зиялы қауым Абайға арналған рухани-тағылымдық шарада бас қосты

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз, Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз» деп айрықша атап өткен болатын. Осы рухани қазынамызды саф алтындай сақтап, таза күйінде келешек ұрпаққа жеткізу, олардың санасына Абай айтқан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген үш қасиетті сіңіру – біздің міндетіміз деп білемін. Осы қағиданы берік ұстана отырып, ыстық қайрат дегеніміз – спортқа баулу, нұрлы ақыл – санасына білім нәрін құю, жылы жүрек – эстетикалық тәрбие беру деп түсінуіміз керек деп ойлаймыз», - деді Бақтияр Мәкен елордада Абайдың туғанына 174 жыл толуына орай өткен іс-шара барысында.

Қала әкімінің орынбасары 1997 жылы елордада ғы үлкен даңғыл ға Абайдың есімі берілгенін еске салды.

«Тәуелсіздік алғалы бері қазір бәріміз жиналып тұрған даңғыл – елордадағы ең үлкен көшелердің бірі болып саналады. Алдымыздағы Абайдың ескерткіші 2010 жылы ашылды. Ұлы Абай мұрасы елордамыздың ұдайы түрде насихатталып, қыруар істер атқарылуда. Сіздердің алдарыңызда біз де үлкен жаңалық айтқымыз келеді. Құдай қаласа, балалар мектепке баратын 1 қыркүйекте осы елордамызда Абай атындағы үлкен гимназия ашпақпыз. Сол гимназияға баршаларыңызды шақырамыз», - деді Бақтияр Мәкен.

Еске сала кетсек, бүгін Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне тура 174 жыл толуына орай елордада «Абай әлемі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өткен болатын. Онда елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар мен қала әкімдігінің өкілдері бас қосты.

Айта кетсек, ҚР Президенті мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT