+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Елордада 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды

2019 жылғы 19 қараша 07:34
Бөлісіңіз:
Елордада 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Үш өңірде аязға байланысты сабақтар тоқтатылды Елордада бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

«19 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру мүмкіндігінің төмендеуі) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп мәлім етті Білім басқармасынан.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында желдің жылдамдығы 18 м/с дейін артатыны ескертілген болатын. Осы уақытта температура бағамы -13 градусты көрсетіп тұр. Сезілуі -29 градус.

Айта кетейік, ауа райына байланысты оқу процесінің тоқтатылғаны жөнінде ақпаратты келесі дереккөздерден білуге болады: 1) Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің SMS-хабарламасы; 2) iKOMEK109 қалалық орталығының (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу) ақпараты; 3) Қалалық Білім басқармасының ресми сайты. 4) Білім басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасы. 5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 6) Smart Astana қосымшасы (мобильдік қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Сондай-ақ ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Онда сабақтардың тоқтатылғаны жөніндегі хабарламардан бөлек, дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қатерлер, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағындағы профилактикалық және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат жедел түрде таратылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT