Елорда жастарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы қашан іске қосылатыны айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында іске қосылуы мүмкін «Елорда жастары» атты жаңа тұрғын үй бағдарламаның талаптары қандай болады? Бұл сұраққа «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазіргі таңда әкімдікпен бірге бұл бағдарламаның талаптарын талқылап жатырмыз. Ол – «Елорда жастары» бағдарламасы деп аталады. Алдын ала келісімдер бар. Аталмыш бағдарлама ең алдымен жас отбасыларды қолдауға бағытталған. Ол жерде де лимит бекітіледі. 5 пайыздық ставка болса, бастапқы жарна көлемі шамамен 10 пайызға тең болуы керек. Ең бірінші кезекте ол бағдарламаға астанада еңбек ететін, алайда кезекке тұра алмай жүрген жастарды қосқымыз келеді. Қазіргі таңда бағдарламаны іске қосудың финалдық сатысында тұрмыз. Елорда әкімі Алтай Сейдірұлының (Көлгінов – авт.) өзі де қолдау білдіруде. Менің ойымша, алдағы бір жарым айдың ішінде біз елорда жастарына арналған жағымды жаңалықты жариялаймыз», - деді Ләззат Ибрагимова.


Соңғы жаңалықтар