«Елорда жастары»: Биыл 200 астаналық жас азамат баспаналы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күні ертең баспаналы болғысы келетін астаналық жастар үшін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Осы орайда жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарты мен артықшылығы туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы біздің банк пен қала әкімдігінің бірлескен жобасы. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Және басымдық жас отбасыларға беріледі. Оның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлері, педагогтер, дәрігерлер, полицейлер, өрт сөндірушілер және тағы басқа. Аталған сала мамандарының қоғамның дамуы мен қаланың күнделікті тіршілігінде алатын орны ерекше. Олардың табысы жоғары емес, сондықтан осы санаттағы мамандарға мән беріліп отыр», - деді Ләззат Ибрагимова Baigenews.kz ақпарат агенттігі жобасының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, аталған бағдарламамен баспаналы болғысы келген астаналық 10 пайыз алғашқы жарна төлейді. Және өтінім мақұлданған жағдайда қатысушыға 18 млн теңгеге дейін несие беріледі.

«Бағдарламаға қатысушы 18 млн теңгенің үстіне өз жиғанын қосып пәтер сатып алуына болады. Және жаңа баспанамен қатар қолданыстағы пәтерді сатып алу құқығы да берілмек. Биыл қолға алынған «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының бюджеті 3,6 млрд теңге. Аталған сома жыл соңына байқау шартына сәйкес келген 200 астаналық жас азаматқа табыс етіледі. Алдағы уақытта бұл бағдарлама жалғасын тауып, аясы кеңейе түседі деген ойдамын. Біз бұған дейін осы жобаны Алматыда жүзеге асырдық. Алғашқы жылы 100-200 пәтерден бастасақ, биыл ол көрсеткіш 1 мың пәтерге дейін жетті», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар