«Елорда жастары» байқауы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Елорда жастары» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызметте табысты еңбек етіп жүрген жастарды қолдауға бағытталған және онда 14-29 жас аралығындағы Қазақстан азаматы болып саналатын Астана тұрғындары бақ сынай алады.

«Биылғы байқауда  номинациялар саны 20-ға дейін артты. Олардың арасында - ғылым, заманауи өнер, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, театр, кинофестиваль, эстрада, үкіметтік емес ұйымдар (жастар саясаты саласында) бар. Сонымен бірге, елорда жастары арасынан өнер мен әлеуметтік саланың үздік қызметкері, үздік өндіріс қызметкері, жас кәсіпкер, жас кәсіпкер қыз, жыл студенті, жыл еріктісі, үздік мемлекеттік қызметші, жылдың топ жарған үздігі және үздік SMM-менеджер анықталады», - деп хабарлады әкімдік сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  биылғы байқауға онлайн-дауыс беру әдісі енгізілген. Яғни, іріктеуден кейін үміткерлер онлайн-дауыс беруге түседі.

«Елорда жастары» байқауына өтінімдер 2018 жылдың 16 қарашасына дейін қабылданады. Толық ақпаратты elordapremiasy.kz сайтынан біруге болады.

Соңғы жаңалықтар