+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елорда және 6 өңір тұрғындары көктайғақ жөнінде ескертілді

2020 жылғы 26 ақпан 18:18
Бөлісіңіз:
Елорда және 6 өңір тұрғындары көктайғақ жөнінде ескертілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жаңбырдың жаууына және түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты 7 өңірдің тұрғындары сақтық шараларын қабылдауды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның жаууына және түнгі уақытта аяз болуына байланысты көктайғақ​ болады. Соның салдарынан жол-көлік апаттары, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің көшеде алатын зақымдары: құлаудан дененің соғылуы, сынық жарақаттары жиілейді. ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауға және сақ болуға шақырады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Қарт адамдарға ұшы резеңкемен қапталған немесе шырмауығы бар таяқты пайдалану қажет», - делінген ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, синоптиктер 27 ақпан күні бірнеше өңірде ескерту жариялады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT