Елорда вокзалының менеджері Ashyq туралы: Халық топырлап, кезек күтіп тұрмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы Ashyq жобасымен жұмыс істейді және онда адамдар шоғырланбауы керек. Бұл туралы аталған вокзал менеджері Батырхан Әбдікәрім мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq қосымшасы вокзалдың 13 кіреберісінде жұмыс істейтін болады. Вокзалға келушілердің барлығы өз мәртебесін аталған жоба арқылы анықтап, тексертуі керек. Адамдардың шоғырлануы болмауы тиіс», - деді Б. Әбдікәрім.

Одан бөлек, вокзал өкілі Ashyq жобасымен қатар басқа да карантин талаптарының қатаң сақталатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін «Нұрлы жол» вокзалының менеджері жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылардың вокзалға қалай кіріп-шығатынына қатысты пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, 17 маусымнан бастап аталған вокзал Ashyq жобасымен жұмыс істей бастайды.


Соңғы жаңалықтар