Елорда вокзалында жолсерік тоққа түсіп көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, департаменттің мәліметінше, қазір уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар