Елорда вокзалында Тальго пойызының миллионыншы жолаушысы марапатталды

None
Фото: railways.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін бас қалаға Шымкент – Астана бағытындағы №85/86 «Тальго» пойызының жыл басынан бергі миллионыншы жолаушысы келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның хабарлауынша, миллионыншы жолаушы 10 жасар Нұрбақыт Ағабек екен. Ол Шымкенттен анасымен бірге елордаға ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында жүзуден жарысқа қатысу үшін келген.

Елордалық вокзал кешенінде Нұрбақытты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев пен пойыз жолсеріктері салтанатты түрде қарсы алып, марапаттады. Тосынсый иесіне Apple ІPad гаджетін, сымсыз құлаққап, жеміс-жидек себетін және гүл шоғын сыйлады.

– Бұл біз үшін үлкен тосын сый болды. Жақында менің ұлымның туған күні, ал бұл сыйлықтар расында керемет. Осындай акцияны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Бүгін біз көптеген жағымды эмоцияларға бөлендік! – деді миллионыншы жолаушының анасы Жайна Фазылбекова.


Соңғы жаңалықтар