Елорда вокзалында неге адам толып жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы әлеуметтік желідегі мәліметке түсініктеме берді. Онда елорда вокзалында қарақұрым халық жиналғаны көрініс тапқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-Что? Где? Когда?» Telegram каналында елорда вокзалындағы қалың адамның шоғыры туралы мәлімет тараған болатын.

«Нұр-Сұлтан вокзалында не болып жатқанын қараңыздар. Барлық пойыздар кешігіп жатыр. Ал жөнелтудің нақты уақыты мен себептері анықтамада айтылмаған. Пандемияға қарамастан, вокзалда адамдар толып жүр. Пойыздардың бәрі үлкен кідіріспен келіп, аттанып жатыр», - деп жазылған желіде тараған ақпаратта.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы аталмыш мәліметтің мән-жайын түсіндірді.

«Теміржол желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қазір ол жұмыстар аяқталды. Қозғалыс қалыпты қарқынға түсті. Адам шоғыры да сейілді», - деді ҚТЖ өкілі.


Соңғы жаңалықтар