+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіледі

2019 жылғы 3 қараша 10:15
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 50 жастағы қала тұрғынынан ірі көлемде героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі саудасын насихаттаған 700-ге жуық граффити-жазу өшірілді СҚО-да иісшіл иттер синтетикалық есірткіні анықтауға үйретілді Есірткі дайындаумен айналысқан топ ұсталды - Жамбыл облысы

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын есірткі сатқаны үшін ұстады. Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша аса ірі көлемде героин табылып, тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекеттенді. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде», - деді Полиция департаментінен.

Жыл басынан елордалық полицейлер 100 кг астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде героин, синтетикалық есірткі тәркіледі.

«Есірткіні сату» бабымен – 65, есірткіге қатысты түрлі өзге де қылмыстар бойынша 345 қылмыстық іс қозғалды.

«Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде есірткінің жиынтық кестесіне өзгірістер енгізілді. Осы өзгерістер заңды күшіне енуінен бастап Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы синтетикалық есірткімен байланысты 58 қылмыстық іс тіркеді. Сондай-ақ интернет-кеңістікті мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Оларды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданды. Сонымен қатар, үйлердің қабырғаларында және кіреберістерде есірткі сатылатын орындарды насихаттайтын 200-ден астам граффити-сурет жойылды. Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда», - деді ведомстводан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT