+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Елорда тұрғыны жарты миллион теңгенің құбырын ұрлап кеткен

2021 жылғы 29 қыркүйек 03:10
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғыны жарты миллион теңгенің құбырын ұрлап кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жарты миллион теңгенің профильді құбырын ұрлау күдігімен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгедан астам қаржы жымқырылған СҚО-да қоғамдық орындарда мас жүрген 10 мыңнан астам адам ұсталды Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органына жүгінген елорда тұрғыны Әл-Фараби көшесі бойындағы сауда үйінің аумағында тұрған контейнерінен белгісіз адамның профильді құбырларды ұрлап кеткендігіне шағымданған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында астаналық полиция қызметкерлері ұрлыққа күдікті 21 жастағы қала тұрғынын қолға түсірген.

«Бөгде адамдардың жоқ екендігін пайдаланған ол 500 мың теңгенің құбырларын ұрлап кеткен. Ол ұрланған құбырды металл қабылдау бекетіне өткізіп жіберген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін сотты болған күдікті кінәсін мойындап отыр. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деп атап өтеді ведомствода.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT