Елорда тұрғыны жалған доллар банкноталарын ұтыс ойындарына тігіп келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны спорттық ойындарға ұтысқа жалған долларларды тігіп келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған доллар өткізу кезінде елорда тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында қылмыс жасаушы бірнеше рет номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды.

Сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды, олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.

Айта кетейік, жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, бірақ мұндай банкнотты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар