Елорда тұрғыны ұрланды деген сөмкесін, азық-түлік арбасында ұмытып кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері елорда тұрғынына сауда орталықтарының бірінде жоғалтқан құнды заттарын тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғыны көлігінен ақша, «Vertu» маркалы ұялы телефоны және құжаттар салынған шағын қол сөмкесі ұрланғанын айтып, арызданған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында ұрлық фактісі дәлелденген жоқ», - деп атап өтеді Полиция департаментінен.

Ведомство ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін Достық көшесінде орналасқан «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығын нысанаға алған. Аталған орталықтың көлік тұрағында орнатылған видеобақылау камераларын қарау барысында зардап шегуші азаматтың шағын қол сөмкесін азық-түлікке арналған арбада қалдырып кеткендігі анықталған. Сөмкені орталық қызметкері тауып алып, бұл жайында басшылыққа хабар берген.

«Елорда тұрғыны полицияға және «Керуен» СОСО қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне мүлкін қайтарып бергені үшін ризашылығын білдірді», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар