Елорда тұрғыны ұлын емдеуге жинаған ақшасы бар әмиянын жоғалтып, оны полиция тауып берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны полицейлерге әмиянын тауып бергені үшін алғыс айтты. Ол ұлының еміне деп жинаған ақшасы бар әмиянын жоғалтып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Нұр-Сұлтан қалалық ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс айтты. Олар ақшасы мен құжаты салынған әмиянды тауып, иесіне қайтарып берді.
Ер адам кешкі уақытта сауда-ойын-сауық кешенінде жүріп, ірі сомадағы ақшасы бар әмиянын түсіріп алған. Онда үш жыл бойы баласының еміне деп жинаған ақшасы болған.
Ол полицияға өтініш жазды. Іздеу шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарып берді.


Соңғы жаңалықтар