Елорда тұрғыны ШҚО-да көлігімен адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында екі адамды көлігімен қағып, ізін суытқан жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері 11 маусым күні түнгі сағат 01.45-те Селевин көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қаққан жүргізушіні анықтап, қолға түсірді.

Зардап шеккендердің бірі қаза болды, екіншісіне амбулаториялық ем тағайындалды.

«Оқиға орнынан із суытқан жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалған. Жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 11 маусым күні Семейде тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Екі адамды қағып, сол жерден тайып тұрған жүргізушіні полицейлер іздестіруде.


Соңғы жаңалықтар