Елорда тұрғыны өзін қапқан ит иесінен 250 мың теңге өндіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың сәуір айында елордадағы аулалардың бірінде жүрген әйелді француз бульдогі бас салды. Иттің тістеуінің салдарынан әйел сол жақ жамбасынан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін елорданың арнайы ауданаралық сотының қаулысымен иттің иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408 бабының 2 бөліміне сәйкес, заңбұзушылыққа жол берді деген айып тағылған болатын.

Аталған істің материалдарын сараптап шыққан Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты талап-арызды ішінара қанағаттандырып, ит иесінен материалдық шығын келтіргені үшін 32 мың 850 мың теңге, ал, моральдық шығын келтіргені үшін 250 мың теңге көлемінде өтемақы өндірді.

Сот шешімі күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар