+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Елорда тұрғыны өз көлігін айдап кетіп, полицияға арызданған

2021 жылғы 23 ақпан 12:53
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғыны өз көлігін айдап кетіп, полицияға арызданған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полициясы өз көлігін айдап әкетуді ұйымдастырған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында екі полиция қызметкерінің өліміне кінәлі адамға сот үкімі шықты Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан есірткі тапты

«102» каналына елорда тұрғыны жүгініп, өткен жылы автосалоннан кредитке алған «Toyota RAV 4» маркалы қымбат көлігін белгісіз адамның айдап кеткені жайында хабарлады. Айдап әкету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда белгісіз адам «Жастар» сарайы маңындағы тұрақтан көлікті айдап әкетіп, қаладан тыс шығып кеткен байқалады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 53 жастағы зардап шегушінің сақтандыру төлемақысын алу және кредит төлеуден жалтару мақсатында машинасын айдап әкетуді ұйымдастырған. Қылмстық жоспарын алдын ала ойластырған ол бір танысына көлікті айдап әкеткені үшін ақшалай сыйақы беруге уәде еткен», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Көлікті айдап әкеткен адам оны Алматы облысы аумағында белгісіз адамға сатып жіберген. Қазіргі уақытта көлікті айдап әкеткен адам ұсталып, жасаған әрекетін мойындап отыр. Ал көлігін қасақана ұрлатқан азаматтың үстінен жалған шағым жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті қасақана жалған шағым жасау 7 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасына тартылуға әкеп соғатындығын ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT