+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Елорда тұрғыны ойын алаңында жүрген балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрледі

2021 жылғы 10 мамыр 21:56
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғыны ойын алаңында жүрген балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Онда ер адам ойын алаңында балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Балалардың заңды құқығын бұзғандарға қатаң шара қолданамыз - Шөкеев Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті Түркия азаматы елордадағы қонақүйлердің бірінде ұрлық жасап, ұсталды

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында ер адамның балаларды төбелесуге мәжбүрлеген видеосы анықталды. Аталған факті бойынша полицияға 37 жастағы қала тұрғыны жеткізілді. Ол Бабатайұлы кұшесіндегі ойын алаңында өзінің 8 жастағы баласы мен оны ренжіткен 11 жастағы баланы төбелесуге шақырған»,-деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төбелес салдарынан 11 жастағы бала жарақат алған. Зардап шеккен баланың анасынан кінәлі азаматқа шара қолдану туралы арыз түсті.

Полиция сонымен қатар ер адамның әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады. Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Гұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ересектер тарапынан мұндай қадамдарға жол берілмейтінін ескертеді. Қолданыстағы заңнамаға байланысты балалардың құқықтарының бұзылғаны, олардың денсаулығына зақым келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT