Елорда тұрғыны иесіз тұрған көлікті айдап әкетіп, бұталардың арасына жасырып қойған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция елордада автокөлікті айдап әкетіп, бұталардың арасына жасырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауди С-4» маркалы автокөліктің иесі полицияға шағымданып, түнде белгісіз біреулердің Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан үйінің ауласынан көлігін ұрлап кеткенін айтқан. Шығын көлемі бір жарым миллион теңге деп бағаланды.

Оқиға орнын тексеру барысында күдікті анықталды. Белгілі болғандай, ол үйдің жанынан өтіп бара жатып, есігі жабылмаған көлікті байқап қалып, оған кірген. Ол көліктің ішінен қосалқы кілттерін тауып алған. Артынан көлікті қаладан сыртқа айдап шығып, Ақмола облысы Қабанбай батыр кентінің маңында орналасқан орман алқабына тығып қойған. Содан кейін ол көліктің аккумуляторын алып сатып жіберген.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция депаратменті «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 25 жастағы аталған кенттің тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар