+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елорда тұрғыны гараж қақпасын ұрлап, темір қабылдау орнына өткізіп жіберген

2020 жылғы 31 қазан 19:15
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғыны гараж қақпасын ұрлап, темір қабылдау орнына өткізіп жіберген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғындардың бірі бөтен біреудің гаражының қақпасын ұрлап, темір қабылдайтын орындардың біріне өткізіп жіберген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлтіру қылмысын ашты Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 33 жастағы тұрғын елорданың Тілендиев көшесінде орналасқан гараждардың бірінің темір қақпасын ұрлап кеткен. Оның ұрланған мүлікті темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды.

Гараж иесі қақпасының жоғалғанын білген соң полицияға шағымданған.

Жедел-іздестіру шарасының барысында ұрлық жасауы мүмкін күдікті қылмыс жасаған күннің ертеңіне ұсталды. Ол өзінің істеген әрекетін мойындады. Ұрланған қақпа темір қабылдау орнынан алынып, иесіне қайтарып берілді.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жұргізіліп жатыр. Күдіктінің қала аумағындағы өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»,-делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT