Елорда тұрғыны эвакуатор жалдап, көлік ұрлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ер адам эвакуатр жсалдап, онымен көлік ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағада, криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікке ілінген бұрын сотталған 26 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында қаскүнемнің Сейфуллин көшесіндегі үйдің маңында бұзылып тұрған көлікті бірнеше рет көргені анықталды. Иесі шығынды байқамай қалады деп шамалаған ол түскі уақытта эвакуатор жалдап, BMW көлігін ұрлап кеткен. Ол 2 миллион теңге тұратын көлікті қосалқы бөлшек ретінде сатпақ болған.

Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті көлікті дабыл жүйесімен жабдықтауды, көлікті кетер алдында құлыптауды, көлікті күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен қамтылған аумақтарға қою керек екенін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар