Елорда тұрғыны егде әйелді соққыға жығып, сөмкесін тартып алмақ болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Нұр-Сұлтан қаласының бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешкі уақытта тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам кіреберістің қасында сөмкесінен кілт іздеп тұрған егде жастағы әйелді көріп қалған.

Жәбірленушінің кіреберіске есігін ашқан сәтін пайдаланған қаскүнем онымен бірге кірген.

Онда ол әйелді бірнеше рет ұрып жіберіп, қолындағы сөмкесін тартып алмақ болған, алайда жерге құлаған әйел көмекке шақыра бастады.

Оның айқайынан қорыққан қылмыскер сол жерден ізін жасырған.

Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады.

Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ер адамның бұрын елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.


Соңғы жаңалықтар