USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Елорда тұрғыны әйелін ұрып жатқан адамның өзін соққыға жығып, тонап кеткен

2021 жылғы 27 мамыр 14:58
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғыны әйелін ұрып жатқан адамның өзін соққыға жығып, тонап кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері кісі тонады деген деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы трагедиясы: Бренд киімдер дүкенін тонаған 3 күдікті ұсталды Елордада «пысық» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған

Тергеу барысында алкогольдік ішімдікке қызып алған ерлі-зайыптылар жанжалдасып, күйеуі әйелін ұрғаны анықталды. Көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ ер адам алдымен әйелді қорғамақ болып, оның күйеуін ұрып жіберген. Сосын оның ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан ізін жасырған. Таяқ жеген ж әбірленуші полицияға шағымданған.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, ұялы телефон иесіне қайтарылған. Қазір ұсталған азамат изоляторға қамалды.

Аталған факті бойынша «тонау» бабымен қылмыстық іс қозғалды, ұсталған ер адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ал ж әбірленушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ерлі-зайыптылар татуласқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT