Елорда тұрғыны 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық Талғат Әбдіханұлы 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 20:50-де құтқару қызметіне жедел жәрдемнен қоңырау түсті. Онда Қабанбай батыр даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан үйдің 10-қабатынан бала құлағаныайтылған. Биіктен құлаған бала 2017 жылы туған. Оны сол үйде тұратын 1988 жылғы азамат жолай өтіп бара жатып кездейсоқ көріп, дереу баланы қағып алуға тырысқан. Ол осылайша баланы жерге қатты соғылудан сақтап қалды. Дегенмен бүлдіршін қазір №2 аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марпаттауды жөн көріп, оған хабарласқан.

Алайда, ол бүлдіршіннің ауыр халде жатқанын алға тартып, марапаттан бас тартыпты.


Соңғы жаңалықтар