Елорда тұрғындарының саны 24 жылда 4 есе өсті
2022 жылғы 6 шілде 10:17

Елорда тұрғындарының саны 24 жылда 4 есе өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін – астана күні. Биыл елордамызға 24 жыл. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны 4 есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, 1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Содан бері елорда тұрғындарының саны 4 есеге жуық өсіп, қазір 1 млн 262 мың адамға жетті.

Астанада 24 жыл бұрынғыдай әйелдердің саны басым. Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%).

1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті.

1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген. Қазір олардың саны – 147. Ал, аурухана ұйымдарының саны 15-тен 45-ке дейін артты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке – « Астана күні «.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT