Елорда тұрғындарына сыртта жүгіруге, жаттығуға рұқсат берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Алайда, атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек.

Таңғы сағат 6-дан бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі.

Жалпы шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады.


Соңғы жаңалықтар