21:41, 02 Маусым 2020 | GMT +6
Елорда тұрғындарына бақшаны түнде ғана суару ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана су арнасы» МКК бау-бақша суаратын елорда тұрғындарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары! Күннің ысып кетуіне байланысты ауыз су тапшылығының алдын алу мақсатында «Астана су арнасы» МКК бау-бақшаны аптасына екі рет сағат 23.00 - 06:00 аралығында суару қажеттігін мәлімдейді. Өйткені, су құбырлары желісінде үй маңындағы учаскелер мен жас көшеттерді суару есептелмеген», - деп мәлімдеді мекеме.
Сонымен бірге, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бау-бақша суаратын суды үлкен ыдысқа алдын ала жинап қою ұсынылады.