Елорда тұрғындары вакцинаның қандай түрлерін салғыза алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елорданың қоймаларында қанша доза вакцина бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда елодада вакцинаның екі түрі бар: қазақстандық QazVac вакцинасы және ресейлік «Спутник V» вакцинасы. Қоймада қазақстандық екпенің 9 990 дозасы бар. Ресейлік екпенің бірінші компоненті 55 мың дозада, екінші компоненті 40 мың дозада бар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы осы екі вакцинамен қамтамасыз етілген», - деді Сархат Бейсенова. Қаланың бас санитар дәрігері елордалықтардың қандай вакциналарды қабылдап үлгергені туралы мәлімет берді. «Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентімен - 28119 адам, екінші компонентімен 25 878 адам вакциналанған. QazVac вакцинасын - 10 013 адам, екінші компонентін 7618 адам алды. Ресейлік вакцинаны 294 376 адам (бірінші компонент), екінші компонентті 213 798 адам қабылдады. Corona Vac вакцинасынның бірінші компонентін - 15 605 адам, екінші компонентін 14 015 адам салғызды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Соңғы жаңалықтар