+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Елорда тұрғындары түрік киноларын апта бойы тегін көреді

2019 жылғы 18 қараша 23:55
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғындары түрік киноларын апта бойы тегін көреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада түрік фильмдерінің апталығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті «Мұзбалақ» Израильде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды

Апталық Нұр-Сұлтан қаласында 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Шараны Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Кинематография дирекциясымен бірге ұйымдастырған.

«Биылғы апталыққа түрлі жанрдағы 8 түрік фильмін әкелдік. Олардың әрқайсысы - өз жанрының үздігі. Мәселен тарихи жанрда «Ертұғырыл» фильмін таңдап алдық. Ондағы сценарийді жазғандар Джемиле Наз, Кваныч Баруөну сынды өз ісінің хас мамандары. Түркияның кинематография саласы қазір Голливудтан кейінгі орында тұр. Олар прокатқа өте көп фильм шығарады. Биыл Қазақстанда тұңғыш рет көрсетілетін екі фильм бар, олар - «Сиқыршы» және «Қышқыл алмалар». Ал танымал жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармасына негізделген «Қызыл орамалды шынарым» фильмі апталықтың шымылдығын жабады», - деді Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы басшысының міндетін атқарушы Алмагүл Исина.

Атап айтқанда, елордалықтардың назарына «Ұзын хикая», «Көбелектің түсі», «Ұмытсам сыбырла», «Ертұғырыл 1890», «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды», «Сиқыршы», «Қышқыл алмалар», «Қызыл орамалды шынарым» атты 8 түрік киносы ұсынылады.

«Ұзын хикая» фильмінің басты ролін қазақстандықтарға жақыннан таныс, көрерменнің көңілінен шыққан Кенан Имирзалыоглу сомдайды. Бала кезінде жетім қалған болгарлық Әлиді атасы Сүлеймен Болгариядан Түркияға алып келген. Әли сүйіктісі Мунирамен, қыздың ата-анасының қарсылығына қарамастан үйленеді. Әли қызды алып қашады және олардың өмірі теміржол вокзалдарының станцияларының арасында үнемі көшумен өтеді.

Чаган Ырмак сценарийін жазған «Ұмытсам сыбырла» фильмі - көрерменнің көзайымына айналған туынды. Медициналық колледжді бітіріп, аудан орталығындағы дәрігерлік пунктке медбике болып жұмысқа жаңа кірген Ханифе мен сіңлісі Хатиже шағын аудан орталығында тұрады. Ханифе – өте ұялшақ, тұйық қыз, ал Хатиже ерке, еркін өскен. Ханифе әдебиетке әуес, Хатидже - ән салуға құштар. Бір күні жаңа тағайындалған әкімнің ұлы Тарык аудан орталығына келеді. Сол күннен бастап апалы-сіңлілердің өмірі түбегейлі өзгереді.

Басты рөлде танымал түрік актеры Кыванч Татлытуг ойнайтын «Көбелектің түсі» фильмі 1940 жылдарда өмір сүрген екі ақынның өмірін баяндайды. Кино Рүшту Онур мен Музаффер Тайип Услу атты екі жас ақынның өмірі мен зонгулдактық шахтерлардың өмірін суреттеумен басталады.

Атақты Атыф Йылмаз түсірген «Қызыл орамалды шынарым» фильмінің басты ролін Түркан Шорай сомдаған. Кинотуынды Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» шығармасының желісімен түсірілген.

Жапония мен Түркия бірлесіп түсірген «Ертұғырыл 1890» фильмінің режиссері - Митсутоши Танака, сценарисі - Эрико Коматсу. 1890 жылы Османлы мемлекетінің кемесі «Ертұғырыл» Жапон теңізінде апатқа ұшырайды. Жапондықтар көмекке келіп, экипаж бен кемені құтқаруға тырысады. Ал 100 жылдан кейін 1985 жылы түріктер Тегераннан Жапонияның 215 азаматын құтқарады.

«Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды» туындысының желісі Каппадокияда өтеді. Бастығы Исфендияр Синанды комедия фильмнің хикаясын жазу үшін Каппадокияға жібереді. Хикаяның жалғыз ғана шарты бар: «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды». Алайда Исфендияр сонша күткен істің «сәтті аяқтала» қояры белгісіз.

«Сиқыршы» фильмін танымал түрік режиссері және актер Жем Йылмаз түсірген. Сиқыр әлеміне ерекше қызығушылық танытатын Искендерді досы Марадонадан басқа ешкім мойындай қоймайды. Әсіресе офицер әкесі оның сиқыршылыққа деген әуесқойлығына қарсы болады. Бірақ оқиға желісі әке мен баланың бірге гастрольге шығуына байланысты өзгеруі мүмкін.

«Қышқыл алмалар» фильмінің сценарийін Йылмаз Ердоган жазған. Мінезі өте қатал әкім Азиз Озайдың екі ерекшелігі бар, бірі әдемі бақшасы, сондай-ақ бойжеткен әдемі үш қызы. Қыздары елден оқшау, бөлек өскен. Оқиға 1970 жылдары Хаккариде өтеді. Басты рольдерді қазақ көрермен жақыннан танитын Фарах Зейнеп Абдуллах, Шүкран Овалы, Сонгүл Өден ойнайды. Әке ролін Йылмаз Ердоган сомдаған.

18-25 қараша күндері сағат 19:00-де «Керуен» сауда және ойын-сауық орталығында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары түркиялық фильмдерді тегін тамашалай алады. Кинотуындылар орыс тіліндегі субтитрмен беріледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT