+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Елорда тұрғындары коронавирусты қандай орындарда жұқтырады

2021 жылғы 30 шілде 19:15
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғындары коронавирусты қандай орындарда жұқтырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындар коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды 2 909 науқас коронавирустан сауығып кетті Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 860 мыңнан асты

«Қазіргі уақытта коронавирус жұқтыратын негізгі орындар – базар, сауда үйлері, қоғамдық көлік, мейрамхана, кафелер, жұмыс орындары және саябақтар мен адам көп жиналатын демалыс орындары болып отыр. Талдау жұмыстары көрсеткендей, базарларда вирус жұқтыру 8%-дан 12%-ға, сауда нысандарында – 18%-дан 23%-ға, кеңселерде – 12%-дан 17%-ға, саябақтар мен демалыс аймақтарында – 14%-дан 18%-ға артқан. Сондай-ақ науқастардың 0,8%-ы бұқаралық іс-шараларға (үйлену тойы, жерлеу рәсімі және т. б.) қатысқан», - деп жазылған департамент жауабында.

Департамент көптеген тұрғындардың қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын атап өтті.

«Ескерту мен жазалау шараларына қарамастан, кейбір елордалық мекемелер санитарлық нормалар мен карантин талаптарын ескермей отыр. Кейбір кәсіпкерлік нысандары есіктерін жауып алып, жасырын жұмыс істеп жатыр», - дейді департамент.

Айта кетейік, коронавирус жағдайын орташа тәуліктік тіркеу маусым айында 340 болса, шілде айында 1 500-ге дейін өсті. Соңғы 16 күнде тәулігіне 1 500-ден астам жағдай тіркелуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT