Елорда тұрғындары коронавирусқа байланысты психологиялық көмекке жүгіне алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустың мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады. Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық

ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын», - деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша

жұмыс халыққа әзір.


Соңғы жаңалықтар