Елорда тұрғындары «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының баяу жүріп жатқанына наразы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғындары «Қазақстан» спорт сарайы құрылысының баяу жүріп жатқанына наразы. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Алмат Жүнісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәслихат депутаттары мемлекет пен жеке серіктес арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестестік келісімшарттарын қайта қарау мүмкіндігіне қатысты мәселе көтерген еді. Осы жылдың маусымында мәслихат «Қазақстан» спорт сарайын зияткерлік технологияларды пайдалана отырып жаңғырту және одан ары пайдалану бойынша мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасын қарады», - деді Алмат Жүнісов қалалық мәслихат отырысында.

Оның пайымынша, жоба өте баяу жүргізіліп жатыр. құрылыс мерзіміне қатысты да сұрақтар бар.

«Жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізілген. Дегенмен, тұрғындар тарапынан сұрақ көп. Қала тұрғындары «Қазақстан» спорт кешені бірнеше жыл бойы қандай себептермен жұмыс істемей тұрғанын білгілері келеді», - деді депутат.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен елордадағы «Қазақстан» спорт кешенін жөндеу жұмыстары таяуда басталатындығын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар