+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Елорда тұрғындары 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алып жатыр

2020 жылғы 8 сәуір 16:27
Бөлісіңіз:
Елорда тұрғындары 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қалай алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді қалай алғандарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент Коронавирусқа бөлінген қаржыны флеш-мобқа емес, дәрі-дәрмекке жұмсау керек еді - Айгүл Соловьева Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаржы қалай жұмсалады

Елорда тұрғыны Денис Давиденко жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем берілетіні туралы естігенде күдікпен қарағандығын жасырмайды. Алайда күдігін үміт жеңген ол өтінім беруге шешім қабылдаған.

«42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем берілетіндігі жарияланғаннан кейін өтінім берген едім. Алайда бірінші жолы еш нәтиже шығара алмадым. Кейін egov.kz порталында әлеуметтік төлемнің нақты өтінімі көрсетілгеннен кейін ғана 42 500 теңге алуға өтінім бердім. Ал оған дейін, 3 наурыз күні Kaspi Gold төлем картасы арқылы 2 561 теңге мөлшерінде бірыңғай жинақ төлемін төлеген едім. Өтінім бергеннен кейін оны мақұлданғаны туралы хабарлама түсті және банк картасының есепшот нөмірі көрсетілген хабарламаны 14 14 нөміріне жіберуімді өтінді. Ал бүгін есепшотым толықтырылғаны туралы хабарлама алдым», - деді ол.

Тоңазытқыш жөндеумен айналысатын Денистің жұбайы шаштараз болып жұмыс істейді. Ол да әлеуметтік төлемге өтініш беріп, бүгін өтінішінің мақұлданғаны туралы хабарлама алды.

«Мен де, жұбайым да карантинге байланысты табыссыз қалдық. Өзім тоңазытқыш жөндеумен айналысамын, әйелім - шаштараз. Тапсырыс түсіп жатқанымен карантинге байланысты үйде отырмыз. Оларға барамын деп айыппұл арқалауым мүмкін. Бірақ, ең бастысы, денсаулық керек», - деді Денис Давыденко.

«VISA4U» ЖШС-ны басқаратын Фаррух Әлішеров те egov.kz порталы арқылы әлеуметтік төлемге берген өтінішінің мақұлданғанын айтады.

«Шетелдерге виза рәсімдеумен айналысамыз. Жұмысымыз ары-бері жүріспен байланысты және карантинге орай тоқтап қалды. Осыдан кейін наурыз айының соңында 42 500 теңге әлеуметтік төлем алу үшін өтінім берген едім. Өтінімім 3-4 күннің ішінде мақұлданып, ақша есепшотыма түсті. Осындай қиын сәттерде бізге қолдау көрсетіп отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ел Үкіметіне ризашылығымды білдіремін», - деді Фаррух Әлішеров.

Фаррух үй шаруасымен айналысатын жұбайы да әлеуметтік төлем алуға өтініш бергенін және өтініш мақұлданатындығына үмітті екендігін айтады.

«Алматыда тұратын ағам да, анам да өтініш беріп, әлеуметтік төлем алды. Яғни, демек, халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жұмыс істеп тұр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT