+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжатты жаңарту керек

2019 жылғы 18 қыркүйек 06:11
Бөлісіңіз:
Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжатты жаңарту керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарды 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты. хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңаөзенде 25 тозығы жеткен үй күрделі жөндеуден өтеді Қарағанды облысында қолжетімді баспана құрылысы екі есеге артады 2 пайыздық ипотека: Қанша отбасы пәтер алады

Заңнамаға сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жыл сайын жаңартуы тиіс. Келтірген мәліметке қарағанда, Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғылы 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекенжайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркеуге болады.

Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (КММ-де толтырылады);

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№ 6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан № 2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері);

7) өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары: 1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік;

1. 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама;

3. Кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;

4. Жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы; жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі; оралмандар үшін – оралман куәлігі;

5. Экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі;

6. Көп балалы отбасылар үшін – көп балалы ана кітапшасы; қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы;

7. Толық емес отбасылар үшін - некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

8. Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін - жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

9. Апаттық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Тұрғын үй,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT