Елорда - Тұңғыш Президент-Елбасының төл перзенті - Ералы Нұрғалиев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елордамыз - Тұңғыш Президент-Елбасының төл перзенті. Бұл туралы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Ералы Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік қолға тиген алғашқы жылдары Қазақстан жұртшылығы аз қиыншылық көрмеді. КСРО ыдырап, 70 жыл бойы бір орталықтан басқарылып келген елдің келешегі бұлыңғыр болатын. Міне, осындай қиын кезеңде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол - бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. Шындығында, егемен ел, тәуелсіз мемлекет атану, өзінің дербес астанасын өзі таңдап, өз қолымен салу зор бақыт! Ал осындай екі ұлы істе ең алдымен Елбасының ерлігі ерен. Өйткені, жұртшылық айтып жүргендей елордамыз - Тұңғыш Президенттің төл перзенті», - деді Ақтөбе гуманитарлық колледжінің директоры Ералы Нұрғалиев.

Ол өз сөзінде мемлекет басшыларының есімі елдің астаналарына берілгенін мысалға келтірді.
«Кезінде алып Ресей империясының құрылуына негіз болған Санкт-Петербург қаласы да батпақтың үстіне салдыртқан Петр I есімімен аталса, сол сияқты Рим, Александрия, Вашингтон қалаларының тарихи атаулары негізін қалаушылардың есімімен байланысты. Осы тұста елорда Отаны мен барша қазақстандықтардың бақыты, игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көреген Ұлт көшбасшысына тиесілі екендігі күмәнсіз жеп айтар едім. Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасын тұрақтылық, бейбітшілік пен даму жолында сенімді түрде бастап келген көрнекті мемлекет қайраткері ретінде Елордамыздың атауын Елбасының атын беру - ең дұрыс шешім деп ойлаймын», - деді Ералы Ғұбайұлы.

Соңғы жаңалықтар