Елорда түлектеріне әуе шарларын ұшыруға тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың білім басқармасы қоршаған ортаны қорғау мақсатында орта мектептер алаңынан әуе шарларын ұшырмауды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 мамырда сағат 10.00-де елорданың барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы өтеді. Биыл қоршаған ортаны қорғау мақсатында ата-аналар қауымдастығының өтінішімен жалпы білім беру мектептеріне әуе шарларын ұшырмау туралы бұйрық бердік», -  делінген білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі бұл бұйрықтың жекеменшік қалалық жалпы орта білім беру мекемелеріне қатысы жоқтығын атап өтті.

Сондай-ақ мекеме ұсынған деректерге сәйкес, 24 мамырда халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары үшін «Триумф» VI балы ұйымдастырылады. Онда халықаралық және республикалық олимпиадаларда топ жарған Астана мектептерінің 30 түлегі марапатталады.

Ал 15 маусымда барлық мектептерде оқу жылының қорытындысы бойыша аттестаттарды тапсыру салтанатты шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, маусым айының соңында қала басшылығы атынан «Алтын белгі» иегерлерінің түлектеріне құрмет көрсету мақсатымен «Елорда мақтанышы» салтанатты шарасы ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар